СЕРПІН-2050» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ БОЙЫНША *********************** "Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қызмет ауыстырдыңыз, алдағы уақытта бұл жобаны қатар алып жүресіз бе" - деген сұрақтарды жастар көп қояды. Сол сұраққа жауабым : «Серпін-2050» жүзеге асырылып бастаған сәттен бастап бұл жобаны қызмет бабында емес, өз қалауыммен үйлестірүшісі ретінде тек қоғамдық негізде атқарып келдім. Қоғамдық негіз болғасын ол тікелей қызметке байланысты емес. Барлық 8 мың студентті өзімнің балаларымдай жақсы көремін. Қызметім ауысты екен деп жарты жолдан тастап кетіп қала алмаймын. Әрі қарай жоғарлап бара жатқан жобаны қарқынын жоғалпас үшін өз үлесімді қосуға дайынмын. Аталған жобаға қатысты кез келген мәселе ерекше назарымда болады. Жаңа қызметім өндіріс саласына тікелей байланысты, сонын ішінде сапалы кадр дайындау саласы менің негізгі мақсатым болып табылатының ескерсек, алдағы жылдары серпіндіктер оқуын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуларына менің көмегім керек болады деп есептеймін. «Серпіннің» жастарына қай кезде болса да көңіл бөліп, әрқашан қолдау көрсетуге даярмын. Биылғы жылы неше грант бөлінді? - 2014 жылы «Серпін» жобасы бойынша 2050, 2015 жылы 6200, ал 2016 жылы 4312 грант бөлініп отыр. Оның 1150-і колледждерге, 3162-сі жоғарғы оқу орындарына. Жоғары оқу орындарға гранттар 4 салаға бөлінген: білім саласына 17 мамандық бойынша 1000 орын, техникалық ғылым саласына 32 мамандық бойынша 1717 орын, ауыл шаруашылық саласына 8 мамандық бойынша 345 орын, медицина саласына 1 "Жалпы медицина" мамандығы бойынша 100 орын. ҰБТ-дің таңдау пәндері бойынша гранттар көбірек бөлінді? - Физика пәнін таңдаған талапкерлердің мүмкіндігі жоғары (1817 грант), одан кейінгі орында биология (675 грант), химия (210 грант), география (175 грант), қазақ әдебиеті (105 грант), жалпы тарих (95 грант), шет тілі (85 грант). «Серпін» туралы толық мәліметті www.serpin-2050.kz сайтында бар #Regrann #Regrann